ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Мақала жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып отырған қазіргі жағдайда жоғары оқу орны студенттерінің өзін-өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық негіздеуге және олардың тиімділігін эмпирикалық тұрғыдан тексеруге арналған. Зерттеудің мақсаты – өзін-өзі реттейтін оқу (Self-Regulated Learning), метатаным және өзін-өзі анықтау теорияларының ғылыми қағидаларын жасанды интеллектке негізделген білім беру ортасының мүмкіндіктерімен кіріктіре отырып, студенттердің өзін-өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар кешенін айқындау және оның нәтижелілігін эксперименттік жолмен дәлелдеу. Зерттеу барысында теориялық талдау, ғылыми әдебиеттерге тақырыптық шолу, жүйелеу, жалпылау, психодиагностикалық және математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Өзін-өзі дамыту құзыреттілігі мотивациялық, метатанымдық, реттеушілік, рефлексиялық және аксиологиялық компоненттер бірлігінде қарастырылып, оның құрылымы мен диагностикалық көрсеткіштері нақтыланды. Эмпирикалық зерттеу В. Г. Мараловтың «Тұлғаның өзін-өзі дамыту қабілеттері» әдістемесі негізінде жүзеге асырылды. Претест нәтижелері студенттердің өзін-өзі дамыту деңгейінің жалпы алғанда жоғары болғанымен, рефлексиялық тәжірибені жүйелеу, өзіндік оқу белсенділігі мен метатанымдық дағдыларды жетілдіру қажеттілігін көрсетті (M = 57,07; SD = 9,99). Ұсынылған педагогикалық шарттарды қамтитын қалыптастырушы жұмыстан кейін эксперименттік топ студенттерінің көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды (M = 67,35; SD = 4,89), ал барлық қатысушылар өзін-өзі дамыту деңгейінің жоғары санатына өтті. Әсер көлемінің көрсеткіші (Cohen’s d = 1,03) педагогикалық ықпалдың жоғары тиімділігін дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллектке негізделген білім беру ортасында студенттердің өзін-өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді педагогикалық шарттары ретінде: адаптивті ЖИ құралдарын мақсатты пайдалану, метатанымдық дағдыларды жүйелі дамыту, өзін-өзі реттеуге негізделген бағалау және дамытушы кері байланыс мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын растады. Кілтті сөздер: өзін-өзі дамыту, құзыреттілік, жасанды интеллект, педагогикалық шарттар, метатаным, оқу.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 40-64
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-2661
- Издатель
- Toraighyrov University