Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Бұл мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің интеллектуалдық әлеуетін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы қалыптастыру мәселесіне арналған ғылыми зерттеулер мен еңбектерге жүйелі әдеби шолу жасауға бағытталған. Мұғалімнің интеллектуалдық әлеуетінің теориялық аспектілері, оны дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі, сондай-ақ ЖИ негізінде бейімделген және дербестендірілген оқытудың мүмкіндіктері қарастырылады. ЖИ білім беру үдерісіне кіріктіруге бағытталған әдістемелік тәсілдер мен педагогикалық стратегияларға ерекше назар аударылады. Әдебиеттерге шолу барысында заманауи білім беру платформалары, автоматтандырылған бағалау жүйелері, интерактивті цифрлық құралдардың болашақ мұғалімдердің сыни ойлауын, талдау және танымдық дағдыларын дамытуға ықпалы туралы зерттеу нәтижелері жинақталып, сараланады. Ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжірибенің қысқаша мазмұнына сүйене отырып, болашақ мұғалімдерді даярлауда ЖИ тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар берілген. Зерттеудің практикалық маңыздылығы болашақ мұғалімдерді даярлау процесіне ЖИ-ді тиімді енгізу бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары үшін ұсыныстар әзірлеуде жатыр. Алынған нәтижелерді білім беру бағдарламаларын жаңартуда, оқыту курстарын әзірлеуде және педагогикалық тәжірибеде ЖИ-ді қолдануға бағытталған әдістемелік материалдарды құруда пайдалануға болады. Зерттеу жұмысы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселесін шешуге, олардың білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Кілтті сөздер: жасанды интеллект, интеллектуалдық әлеует, білім беруді цифрландыру, педагогикалық шарттар, бастауыш білім, цифрлық технологиялар, сыни ойлау.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, 2026, С. 144-164
Язык
Казахский
ISSN
2710-2661
Издатель
Toraighyrov University