Central AsianResearch Index

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АДАМ ӘРЕКЕТІНІҢ ОНТОЛОГИЯСЫ: ТРАНСЦЕНДЕНТАЛДЫ ЖӘНЕ ПРАКСЕОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТ

Мақалада XXI ғасырдағы цифрлық жаңғыру мен жаһандану үдерістерінің аясында адам әрекетінің трансценденталды негіздері философиялық-праксеологиялық тұрғыдан талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазіргі тұлғаның іс-әрекет құрылымын, оның құндылықтық бағдарларын және жауапкершілік өлшемдерін трансценденталды алғышарттар арқылы теориялық тұрғыда жүйелеу. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы технологиялық өзгерістер мен әлеуметтік трансформациялардың адамның дүниетанымына, мінез-құлқына және шешім қабылдау ерекшеліктеріне ықпалы қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде заманауи қоғамдағы адам әрекетінің рухани және мәдени мазмұны алынған, ал зерттеу пәні – осы әрекетті айқындайтын трансценденталды және праксеологиялық сипаттамалар. Зерттеудің әдіснамалық негізін трансцендентализм дәстүрі, классикалық философиялық рефлексия және әлеуметтік гуманитарлық ғылымдардағы заманауи талдау тәсілдері құрайды. Зерттеу барысында талдау, синтез, герменевтикалық түсіндіру және салыстырмалы әдістер қолданылды. Цифрлық орта, инновациялық технологиялар және институционалдық өзгерістер адамның болмыс тәсіліне, дүниетанымына және шешім қабылдау логикасына әсер ететін маңызды факторлар ретінде қарастырылады. Сонымен қатар құндылықтар жүйесінің өзгеруі мен мағыналық бағдарлардың трансформациясы адам әрекетінің жауапкершілік өлшемімен байланыста сараланады. Қазақтың рухани мұрасы мен Орталық Азияның мәдени кеңістігі негізінде трансценденталды өлшемдердің ұлттық ерекшеліктері айқындалады. Зерттеу нәтижелері трансценденталды бағдарлардың тұлғаның әлеуметтік, мәдени және экологиялық жауапкершілігін күшейтетін маңызды негіз екенін көрсетеді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы адам әрекетін ұлттық-мәдени контекстте философиялық праксеологиялық тұрғыдан кешенді талдаумен сипатталады. Кілтті сөздер: трансценденталды алғышарттар, адам әрекеті, праксеология, цифрлық трансформация, рухани жауапкершілік, мәдениет, құндылықтық динамика.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3.2026, С. 61-73
Язык
Казахский
ISSN
2710-3439
Издатель
Toraighyrov University