ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖОБАЛАР ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН ESG-ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Соңғы жылдары тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бизнес пен жалпы қоғам үшін өзекті болды. Тұрақтылыққа қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі–ESG трансформациясы. Бұл мақалада әлеуметтік кәсіпкерліктің Қазақстандағы тұрақты дамуды және ESG-трансформациялануды қамтамасыз етудің негізгі құралы ретіндегі рөлі қарастырылады. Автор әлеуметтік кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, басқарушылық және экологиялық аспектілерге әсерін талдайды және олардың тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлестерін зерттейді. Мақалада Қазақстандағы табысты әлеуметтік кәсіпкерлік жобалардың мысалдары және осы саланы дамыту бойынша ұсыныстар берілген. Мақала тақырыбының зерттелінуінің негізгі мақсаты әлеуметтік кәсіпкерліктің шексіз мүмкіндіктерін саралау және өмір сүру сапасын арттыру үшін Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және ESG-трансформациялану жағдайында тәжірибеде жүзеге асырылу мүмкіндіктері бар ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы әртүрлі салаларға әсерін тигізуі мүмкін екендігімен сипатталады, атап айтқанда: бизнес және инвестициялау, мемлекеттік саясат және реттеу, білім беру және қоғам, әлеуметтік өзгерістер. Тақырыпты зерттеу кезінде жалпы ғылыми, теориялық талдау: әлеуметтік кәсіпкерліктің теориялық негіздерін, басқа елдердегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесін зерттеу және эмпирикалық зерттеу: қоғамның, әлеуметтік кәсіпкерлердің, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы сарапшылардың, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің сауалнамалары қолданылды. Кілтті сөздер: әлеуметтік кәсіпкерлік, тұрақты даму, әлеуметтік инновациялар, инклюзивті өсу, әлеуметтік жобалар, фандрайзинг.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 419-437
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3552
- Издатель
- Toraighyrov University