Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 4.2021, с. 28-39
"ТОПОНИМДЕРДІ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫМЕН ЖАЗУДА ЕСКЕРЕТІН НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАР"
Аннотация · Abstract
"Мақалада бүгінгі таңдағы қазақ жазуын латын графикасына көшіру мәселесінің орфографиялық қырлары талданған. Қазақ топонимдерін латын әліпбиімен жазудың (транслитерациялаудың) негізгі ұстанымдары қарастырылған. Алдымен қазақ жазуын басқа графикаға ауыстыруға байланысты ұсынылған көзқарастар мен тұжырымдар келтіріледі: көне түркі жазуы, араб жазуының төте нұсқасы, латын жазуы және реформаланған кириллица әліпбиі. Солардың ішінен латын графикасына көшу жолы таңдалды. Мақалада осы уақытқа дейін ұсынылған латын әліпбиінің нұсқаларына жан-жақты шолу жасалған: диграф, апосторф, акут, умлаут нұсқалары. Негізгі бөлімде топонимдерді латын графикасымен жазудың тиімді жолдары мен кемшіліктері көрсетіледі. Қорытындысында, алгоритм бойынша, тілімізге сәйкес келетін классикалық әліпби жасау және соған сүйеніп барып жер-су аттарын транслитерациялау қажет деген тұжырым жасалып, ұсынылады. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырған гранттық жоба (ЖТН - AP08957132) аясында жарияланған. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/btiw8282
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0