Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 19-30
ТҮРІК ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІНІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация · Abstract
Мақалада түрік әдебиетіндегі әйелдер бейнесі қазақ халық ауыз әдебиетімен салыстыра талданып, фольклорлық мұрадағы әйел культі түркілік дүниетанымдағы мифтік құбылыстармен және ертегілер мен мақал-мәтелдердегі әйелдер образымен біртұтастықта талқыланып беріледі. Қазіргі таңда әйелдің ауыз әдебиетіндегі қоғамдық рөлін айқындап, ана бейнесінің, жалпы әйел кейіпкерлерінің фольклорлық мұралардағы көрінісін салыстырмалы талдау мәселесі гендерлік саясат тұрғысынан алғанда өзекті тақырыптар қатарынан табылады. Жалпы алғанда көркем әдебиеттегі әйел образының берілуі халық ауыз әдебиетінен қазіргі кезең әдебиетіне дейін әдебиеттану ғылымында қарастырылып келе жатыр. Сол себепті де зерттеу мақалада әйелдер бейнесінің ежелгі көнетүркілік адамзат дамуындағы жетекші орны айқындалып, отбасы ұйытқысына айналған кезеңіне дейінгі сипаты нақты туындылар аясында талданып ашылады. Әйелдер образының алғашқы кезеңдегі құдіреттілік сипатының біртендеп қоғамның дамуына, көршілес әдебиеттердің әсерінен жағымды немесе жағымсыз сипатқа ие болуы сараланып беріледі. Түрік және қазақ мақал-мәтелдеріндегі әйелдер бейнесінің отбасы институтын құрудағы орны айқындалады. Жалпы алғанда зерттеу мақалада түркі дүниетанымындағы рухани құндылықтар мәселесі түрік халық ауыз әдебиетіндегі мол мұралар мен халықтың тұрмыс-тіршілігі сабақтастырыла талданып, түрік әдебиетінің әлемдік фольклортану ғылымы аясындағы өзіндік ерекшеліктері қарастырылады. Кілтті сөздер: сюжет, мифология, архетипикалық бейне, әйел-ана культі, медда, мифтік сана, паремиология.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/btfz5430
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0