Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 2.2022, с. 15-27
БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада «Бұлтты технологияларды енгізу негізінде ЖОО-ның білім беру процесін басқару алгоритмін әзірлеу» тақырыбындағы жобаның негізгі нәтижелері келтірілген. Жоба «Торайғыров университеті» КЕАҚ мен «Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті» («БелГУ» ҒЗУ) ФМАББҰ арасындағы 2021 жылғы 25 маусымдағы № ЕП 222/2021 шаруашылық келісімшарт бойынша орындалды. Жұмысты орындау барысында бұлтты өнімдерге жалпы шолу жасалды және осы технологияларды білім беру процесінде қолдану бойынша әлемдік тәжірибелерді зерттей отырып, ЖОО-да бұлтты өнімдерді қолданудың алғышарттары, қажеттілігі, артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Сондай-ақ, бұлттық өнімдерді білім беру процесінде қолдану технологиясының мүмкіндіктерін зерттеудің негізінде жинақталған материалдарға сүйеніп жасалған электронды оқу құралы туралы қарастырылады. Жұмыстың мақсаты – университеттегі оқыту процесін ұйымдастыруда бұлтты өнімдердің мүмкіндіктерін қолдану алгоритмін зерттеу және электронды оқулық әзірлеу болды. Шаруашылық келісім-шарт жұмыстарын орындау нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді: ЖОО-ның білім беру үдерісін басқаруда бұлттық технологияларды қолданудың заманауи стратегиялары мен әдіснамалық тұрғыларды талдау туралы есеп жасалды;бұлтты сервистерді қолданатын заманауи білім беру технологияларының әлеуеті қарастырылды және жинақталды;бұлтты сервистерді талдау және оқыту процесін ұйымдастыруда бұлтты сервистерді қолдану бойынша электрондық оқулық үшін тақырыптарды таңдау жасалды; электронды оқулық әзірленді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/brtg8758
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0