Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2023, № 2.2023, с. 212-223
"Ашық кодты DSPACE, KOHA ЖӘНЕ EVERGREEN кітапхана жүйелеріне салыстырмалы талдау "
Аннотация · Abstract
"Мақалада кітапхана өндірісіне арналған ашық бастапқы кодты біріктірілген кітапханаларды басқару жүйелері (Integrated management library system – ILMS) қарастырылды. Зерттеудің негізгі объектілері ретінде DSpace, Koha және EPrints жүйелері таңдалынып алынып, осы жүйелердің негізгі функционалдық мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдау жасалды. Жұмыс барысында Scopus, Web of Science, ResearchGate тәрізді халықаралық деректер қорларындағы отандық және шетел зерттеушілерінің осы бағыттағы ғылыми еңбектері зерттеліп, аталған жүйелерінің ресми сайттары, техникалық нұсқаулықтары қолданылды. Сонымен қатар, DSpace, Koha және Eprints ашық кодты кітапханалық жүйелерінің мүмкіндіктері тәжірибе жүзінде зерттеліп, интерфейс, каталогтау және іздеу парақшаларына қысқаша шолу жасалды және архитектуралары, метадеректері және қолдайтын файл пішімдері сипатталды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, DSpace, Koha және EPrints ашық кодты кітапхана жүйелерінің үшеуі де веб интерфейсті, кроссплатформалы және автоматтандырылған кітапхананы қолдайтыны анықталып, осы жүйелердің артықшылықтары және кемшіліктері айқындалды. Зерттеуде жүргізілген салыстырмалы талдау кітапхана-шыларға кітапхана үшін ашық бастапқы бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау кезінде қажетті шешім қабылдауға көмектесетінін және осы шешімнің жылына өте үлкен мөлшердегі қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтуге болады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bpnx1939
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0