Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2023, № 4,2023, с. 33-41

Коммерциялық банктерде жеке тұлғаларға несие беру

Г. К. Бейсембаева, Д. С. Казангап, А. С. Тапалчинова

Аннотация · Abstract

Осы мақалада қарастырылатын тақырыптың өзектілігі халықты несиелендіру банктік бизнестің ең тиімді баптарының бірі болып табылатындығынан көрінеді, сондықтан банктердің табыстылығы несиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты. Жеке тұлғаларды несиелендіру қазіргі дағдарыстан кейінгі отандық экономикада маңызды рөл атқарады, өйткені Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуын, экономикалық өсуді, экономиканың тиімділігін арттыруды, қажетті инфрақұрылымды құруды осы несиелік қатынастарды одан әрі дамытпай қамтамасыз ету мүмкін емес. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі халықты несиелеу саласындағы әлеуметтік-экономикалық, институционалдық және басқарушылық-экономикалық қызметтің қозғалысын көрсететін жалпы заңдылықтар мен тенденциялар, экономикалық шындықты зерттеудің жалпы әдістерінің жүйесі болды. Мақалада әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды, атап айтқанда: статистикалық, бақылау және топтастыру, факторлық талдаудың сандық және сапалық әдістері, оның ішінде тізбекті алмастырулар мен үлестік қатысу, қаржылық коэффициенттерді есептеу және т.б. Зерттеудің ғылыми жаңалығы жеке тұлғаларды несиелеудің қазіргі тәжірибесін бағалауда, жалпы жеке тұлғаларды несиелеуді дамытудағы проблемаларды және қайтарымсыздық мәселелерін анықтауда, несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде жатыр. жеке тұлғалар.

Сведения · Details