Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 1,2021, с. 114-124
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУ
Аннотация · Abstract
"Бүгінгі қоғамда білім беру жүйесі толыққанды өзгеріске ұшырап, білім алушыларды жаңаша ойлауға мақсат тұтқан білім беру кезеңі жүзеге асуда. Осыған орай жаңа білім парадигмасы негізінде білім алушы мен педагог арасында субъектсубъектілі қарым-қатынас орнату арқылы білім алушылардың шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыру міндеті қойылды. Жаңартылған мазмұнда білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау өзекті мәселелердің қатарынан орын алды. Соның ішінде еліміздегі шағын комплектілі мектептер үшін мамандар даярлау мәселесі кеңінен, терең зерттеуді қажет ететіндігі айқын. Мақалада болашақ педагогтардың шағын комплектілі мектепте педагогикалық үдерісті жүргізуге деген мотивациясын күшейту, олардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру, тұлғаның шығармашылық әрекетке дайын болуын қалыптастыру арқылы кәсіби іс-әрекетте жетістікке қол жеткізу үшін жеке мүмкіншіліктерін анықтау мен пайдалануды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, шағын жинақты мектепте дәріс беретін болашақ мамандар үшін оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін, тұлға дамуының принциптері мен заңдылықтарын терең білу, сондай-ақ шағын жинақты мектептердегі оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың заманауи технологияларын меңгеру жолдары көрсететілген. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bljn4455
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0