Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 482-494

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Қарлығаш Нұрғалиқызы Caрыбекoва, Меруерт Тилегеновна Абжапарова

Аннотация · Abstract

"Бұл мaқaлaдa бастауыш мектептiң мaтемaтикa пәнiнiң сабақтарын жаңартылған білім мазмұны бойынша тиімді ұйымдастырудың қағидалары көрcетiлген. Жаңа бағдарлама мазмұнына сәйкес ұйымдастырылатын оқыту процесі және ондағы мұғалімнің алатын роліне тоқтай келе, мұғалімдердің сабақтарды дұрыс ұйымдастыруына қойылатын талаптар мен негізгі қағидалар ашылған. Бастауыш мектептегі математика пәнінің жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері анықталынған. Жаңа бағдарлама мазмұнынының аясында мұғалімнің сабақтарға дайындалу және оны жоспарлау технологиясының кейбір мүмкіндіктеріне тоқталған. Жаңартылған білім берудің ерекшелігі - оқушының үйлесімді қолайлы білім беру алаңың құра отырып, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, эксперимент жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану, коммуникативті байланысқа түсу, жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай білу екені анықталынған. Математика сабақтарының материалдарының мазмұны, қолданылатын әдістері алдыға қойылған міндеттерді анықтай отырып білім мазмұны жағынан дұрыс ұйымдастырылған сабақтың мазмұнын алуан түрлі болатыны көрсетілді. Математка сабағын тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдеріне қойылатын талаптар ескертілді. Сондықтан, осы талаптар негізінде жаңартылған бағдарлама аясындағы математика сабағын тиімді ұйымдастырудың жалпы қағидаларын тұжырымдау қажеттілігі сөз болды. Зерттеу жұмыстарын педагогикалық практика кезінде студенттер мен магистранттар жүргізіп, нәтижелерін caндық-caпaлық жaғынaн тaлдay жacaп қорытынды жасауға мүмкiндiк бepгeн. "

Сведения · Details