Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 376-389

БЕКМҰРАТ УАХАТОВТЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

А. Т. Ташекова

Аннотация · Abstract

Аталмыш мақалада қазақ ауыз әдебиеті кеңістігіндегі балалар фольклорының дамуы мен қалыптасуы тарихын зерттеудегі фольклорист ғалым Бекмұрат Уахатовтың зерттеу нысанысының мазмұны қарастырылады. Халық ауыз әдебиеті аясындағы балалар фольклорының қалыптасу тарихы жүйеленіп, Бекмұрат Уахатовтың зерттеулері арқылы жаңаша ғылыми пайымдаулар негізінде сараланып және ғалымның концепциялық ұстанымы басқа фольклорист ғалымдар пікірімен салыстыра қарастырылып, сонымен қатар фольклортануға қосқан жаңашыл көзқарасы, қосқан үлесі зерделенеді. Балалар фольклорының тарихы тек қазақ фольклористикасы тұрғысында ғана емес, туысқан түркі тектес ұлттар мен халықтардың балалар фольклорының ерекшеліктерімен салыстыра қарастырылып, тақырыптық, жанрлық, сюжеттік, поэтикалық табиғатына баға беріледі. Бекмұрат Уахатов алғаш рет балалар фольклорын философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнографиялық тұрғыда қарастырып, бала санасы тұрғысынан және ата-ана, қоғам тұрғысынан өлең көркемдігіне талдау жасайды. Осы принцип негізінде балалар фольклорының жиналу реті мазмұн-мәні, айтылу шарты туралы жасалынған пайымдауларына баға беріледі. Бекмұрат Уахатов балалар өлеңдерін поэтикалық тұрғыдан алғаш рет жан-жақты талдаған ғалым ретінде танылып, эпикалық таным жүйесін саралаған тұжырымдары отбасылық ғұрып фольклорының кешенді бір тармағы екендігіне сипаттама берілді. Кілтті сөздер: фольклортану, Бекмұрат Уахатов, отбасылық ғұрып фольклоры, балалар өлеңдері, балалар фольклоры, көркемдік ерекшеліктер.

Сведения · Details