Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 2, 2026, с. 464-479
ІШТЕН ЖАНАТЫН ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДАҒЫ ПОРШЕНДІК САҚИНАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада іштен жану қозғалтқыштарының негізгі түйіні болып табылатын цилиндр-поршендік топтың құрылымындағы аса маңызды элемент – поршендік сақиналардың конструкциялық ерекшеліктері, олардың жұмыс режиміндегі жағдайы және жалпы қозғалтқыштың энергетикалық, экологиялық және механикалық тиімділігіне тигізетін ықпалы жан-жақты қарастырылды. Зерттеу барысында поршеньді сақиналардың негізгі функционалдық түрлері талданды: сығымдау, май қырғыш және қосарланған аралас, сонымен қатар олардың геометриялық пішінінің (бөшке тәрізді, конустық, тікбұрышты профильдер), бүйір бетінің конфигурациясының және жанасу бетінің модификациясының цилиндр аймағындағы нығыздалуы мен үйкеліс деңгейіне әсері сипатталды. Пайдалану сенімділігіне қолданылатын әртүрлі материалдардың әсері көрсетілген: шойын, легирленген шойын, болат негізіндегі сақиналар және олардың тозуға төзімді жабындары: хром, молибден, нитрид, плазма. Сонымен бірге компрессиялық сақиналардың қазіргі заманауи нұсқаларына арналған патенттік зерттеу нәтижелері талданды. Әлемдік патенттік базалардағы инновациялық шешімдерге – қалыңдығын айнымалы ету, термоэлластикалық деформацияны төмендететін арнайы ойықтар, төмен үйкелісті беттеме технологиялары, жарықшақтарды оптимизациялау және газ өткізбеу қабілетін арттыратын конструкциялық жаңалықтар жатады. Жүргізілген талдаулар іштен жану қозғалтқыштарының тиімділігін арттыруда поршендік сақиналардың құрылымдық параметрлерін жетілдірудің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Ғылыми жұмыстың басты мақсаты – заманауи материалдар мен инженерлік-конструкторлық әдістерді пайдалана отырып, поршендік сақиналардың құрылымын оңтайландыру арқылы үйкеліс пен тозуды азайту, цилиндр-поршендік топтың ресурсын ұлғайту және қозғалтқыштың энергия тиімділігін жоғарылату жолдарын анықтау болып табылады. Кілтті сөздер: іштен жану қозғалтқышы, поршень, компрессиялық сақина, үйкеліс, цилиндр-поршендік топ, патенттік талдау.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2245
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0