Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 2, 2026, с. 404-413

БОЛАТ ТРОСТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ РЕЗЕҢКЕТРОСТЫ КОНВЕЙЕР ТАСПАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

О. Т. Балабаев, Б. Ш. Аскаров, А. Д. Қасымжанова, Ш. М. Суюнбаев, С. Ж. Косбармаков

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада тау-кен өндіру өнеркәсібінде қолданылатын резеңкетросты конвейер таспаларының тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылған. Конвейер таспаларының беріктігіне, тозуға төзімділігі мен беріктігіне әсер ететін конструкциясының ерекшеліктері мен пайдалану жағдайларына зерттеу жүргізілді. Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында әзірленген таспаның ені бойынша орналасуын рационализациялауға негізделген конвейер таспаларының көлденең қималарындағы максималды деформацияларды туралау тәсілі ұсынылған. Әдістеме жүктің көлденең қимасын өзіне тән бөліктерге бөлуді, Журавский теоремасын қолдана отырып жүктемелерді анықтауды және иілулерді есептеу үшін иілгіш жіп теориясының принциптерін қолдануды қамтиды. Ұсынылған шешім таспаның иілуге тең қедергі балкасының жұмыс режиміне өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл біркелкі иілу мен ені бойынша тозуға ықпал етеді. Есептеу нәтижелері көрсеткендей, бұл әдісті қолдану таспадағы тростар санын азайтуға мүмкіндік береді (мысалы, ені 1200 мм-де 80-нен 44-ке дейін), таспаның массасы мен құнын төмендетеді, конвейер жетегінің энергия сыйымдылығын 1,5 есе азайтады, сонымен қатар қозғалыс кедергісі мен шаң шығаруды азайтады. Ұсынылған теориялық нәтижелердің практикалық маңызы бар және оларды таспалы конвейерлерді жобалау мен жаңартуда қолдануға болады. Кілтті сөздер: өнеркәсіптік көлік, таспалы конвейер, конвейер таспасы, резеңкетросты таспа, таспаның көлденең қимасы, болат тростар, тростардың орналасуын оңтайландыру.

Сведения · Details