Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 2, 2026, с. 367-380

МЫС-МОЛИБДЕН КЕНДЕРІН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ

Р. Б. Масалимов, Р. В. Сапинов, Д. Б. Касымова, Ж. Шошай, М. А. Адылканова

Аннотация · Abstract

Мыс-молибден кендерін өңдеу кезінде, негізгі міндет, байытудың бастапқы кезеңінде коллективті-селективті флотациялаумен мысты бөліп алу болып табылады. Бұл оны шамадан тыс ұнтақтамауға және қалдықтарға жоғалтпауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты мыс-молибден кендерін өңдеу технологиясын жетілдіру, оларды бос тау жыныстарынан бөліп алу үшін және бірінші сатыдағы мыс концентратын кейіннен бөліп алу үшін сулфидтердің жалпы массасын (мыс + молибден + пирит) алу арқылы коллективті флотация жүргізу кезінде мыс пен молибден алу процесінің оңтайлы параметрлерін белгілеу. Алдын ала тәжірибелер нәтижесінде жинағыш реагентінің шығыны 80 г/т (SIBX) оңтайлы екендігі анықталды. Осы тәжірибелерді жүргізу кезінде негізгі флотацияны бірінші сатыдағы бастапқы мыс концентратын бөлу арқылы жүргізуге болатындығы атап өтілді, өйткені процестің алғашқы минуттарында (флотация процесінің алғашқы 3 минутында) тауарлық мыс концентратын алуға болады. Құрамында шамамен 30 % мыс, 89 % болатын концентрат алынды. Ашық цикл жағдайында концентратты селективті бөлу кезінде бірінші циклде мыс алынғаннан кейін оның құрамында шамамен 0,9 % молибден және 57,7 % болатын молибден концентратын алуға болатындығы анықталды. Бұдан әрі мыс-молибден кенін флотациялық байытудың жабық циклін зерттеу және алынған концентраттарды металлургиялық өңдеу жоспарлануда. Кілтті сөздер: мыс, молибден, флотация, металлургия, бөліп алу, кендерді байыту.

Сведения · Details