Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 2, 2026, с. 256-270

ҮШШАРОШКАЛЫ БҰРҒЫЛАУ ҚАШАУЛАРЫНЫҢ ТОЗУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ДИНАМИКАЛЫҚ КЕРНЕУЛІ-ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ КҮЙІН ЗЕРТТЕУ

Ж. Б. Тошов, К. Т. Шеров, А. В. Маздубай, С. Қардыбай, Х. Б. Теміртас

Аннотация · Abstract

Үшшарошкалы бұрғылау қашаулары – тау-кен өнеркәсібіндегі ең ауыр жүктемелі элементтердің бірі. Қазақстанда ашық карьерлерде бұрғылау жұмыстарының үлесі пайдалы қазбаларды өндіру құнының 40 %-на жетеді, сондықтан қашау тозуының себептерін зерттеу ерекше өзекті. Осы жұмыста тістердің сынуы, эрозиялық тозу, шарошкалардың ілінісуі, температуралық жарықтар, металл бойынша жұмыс істеу және эксцентрлі тозу сияқты он алты ақау түрі жүйелі түрде қарастырылды. Олардың ішіндегі ең көп тарағандары – тістердің сынуы (7 %) және металл тозуы (7 %). Кернеулі-деформациялық күйді бағалау үшін Джонсон–Кук моделінің модификацияланған нұсқасы қолданылды. Бұл модель деформациялық қатаюды, деформация жылдамдығына сезімталдықты және температуралық әсерлерді бір уақытта ескереді. ANSYS кешеніндегі сандық модельдеу 30 кН осьтік жүктеме және 100 айн/мин жағдайында орындалды. Нәтижелер көрсеткендей, ең жоғары эквивалентті кернеу (14,38 МПа) тістің жынысқа алғаш ену сәтінде пайда болады – дәл осы аймақта фрагментация барынша қарқынды жүреді. Алынған деректер конструкцияның осал тұстарын анықтауға, бұрғылау режимдерін оңтайландыруға және қашаулардың қызмет ету мерзімін ұзартуға тікелей негіз болады. Сонымен қатар, ұсынылған тәсіл болашақта әртүрлі тау жыныстары мен динамикалық жүктеме жағдайлары үшін қашау конструкциясын алдын ала бағалауға және материалдардың тозуға төзімділігін арттыру бойынша мақсатты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: үшшарошкалы қашау, бұрғылау құралдары, тозу механизмдері, кернеулі-деформациялық күй, ANSYS модельдеуі, Джонсон–Кук моделі, тау жыныстары, сандық талдау.

Сведения · Details