Science and Technology of Kazakhstan, 2026, № 2, 2026, с. 163-179
ТЕРМОФРИКЦИЯЛЫҚ КЕСКІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУҒА ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация · Abstract
Машина жасау өндірісінде қиын өңделетін материалдарды механикалық өңдеу кезінде кесуші құралдардың мерзімінен бұрын істен шығуы мәселесі бар екендігі және оның өндіріс тиімділігіне айтарлықтай әсер ететіндігі мәлім болды. Осы мәселенің шешімі ретінде қолданыстағы механикалық өңдеу әдістерінің орнына импульсті салқындатуға ие термофрикциялық өңдеу әдісін қолдануды өрбіту мақсат етіп қойылған болатын. Қәзіргі уақытта бұл бағытта бірқанша жетістіктерге қол жеткізілген. Бірақ-та, жүргізілген зерттеу нәтижелері термофрикциялық құралдардың кесуші жиектерінде жарықтардың пайда болуы және тозу, сынып түсу сияқты мәселелер бар екендігін көрсетті. Сондықтан мақалада импульсті салқындатуға ие термофрикциялық құралдардың тозуға төзімділігін арттыру мәселесі қарастырылған. Импульсті салқындатуға ие термофрикциялық өңдеу әдістерінің кесу механизмі өңдеу аймағында жиілікті түрде «қыздыру-салқындату» циклін қалыптастыру арқылы сыртқы үйкелісті ішкі үйкеліске ауыстыруға негізделген, бұл кесу процесінің энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде термофрикциялық кесу құралдарының тозуға төзімділігін арттыру мақсатында жоғары беріктікке ие балқыма материалмен олардың кесу жиектерін балқымалау әдісі қолданылғандығы анықталды. STOODY M7-G материалымен балқытылған термофрикциялық құралдардың дәстүрлі термофрикциялық құралдармен салыстырғанда 1,5-2 есе жоғары жұмыс ресурсына ие екендігі эксперименталды түрде дәлелденген. Сонымен қатар, балқымалау әдісінің жоғары еңбек сыйымдылығы мен технологиялық өзіндік құнының жоғары екендігі анықталды. Осыған байланысты термофрикциялық құралдардың кесуші бөлігінің тозуға төзімділігін, оларды даярлау кезінде, технологиялық тәсілдермен қамтамасыз ететін баламалы әдісті әзірлеу өзектілігі негізделді. Кілтті сөздер: термофрикциялық өңдеу, импульсті салқындату, термофрикциялық кесуші құрал, тозуға төзімділік, қиын өңделуші материалдар, технологиялық әдіс.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2223
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0