Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 2, 2026, с. 573-587
КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ОРНЫҚТЫ ДАМЫТУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТРАНСФОРМАЦИЯ
Аннотация · Abstract
Мақалада климаттық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының орнықты дамуын мемлекеттік трансформациялау мәселелері қарастырылады. Климаттың өзгеруінің, су ресурстарының тапшылығының, шөлейттену процестерінің және экологиялық тәуекелдердің елдің ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсеріне ерекше назар аударылады. Авторлық ұжым өз өңірлері мысалында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және бейімделгіш экономиканы дамытуға бағытталған кешенді процесс ретінде ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың мәнін ашады.Зерттеуде климаттық өзгерістер азық-түлік қауіпсіздігінің, жұмыспен қамтудың және ауыл халқының табысының деңгейін төмендете отырып, Қазақстан Республикасының аграрлық секторына елеулі әсер ететіні атап өтілді. Осыған байланысты ауылдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, «жасыл» экономиканы дамытуға және ауылдық аумақтардың Климаттық қатерлерге тұрақтылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат ерекше маңызға ие болады. Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша бағдарламаларды іске асыру ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға, адами капиталды дамытуға және елдің ауылдық аумақтарының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететіні анықталды. Авторлар Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарының қазіргі жай-күйіне баға берді, климаттық дағдарысқа, халықтың көші-қонына, инфрақұрылымның тозуына және табиғи ресурстардың шектелуіне байланысты негізгі проблемаларды анықтады, сондай-ақ ауылдық аумақтарды орнықты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бағыттарын ұсынды. Кілтті сөздер: орнықты даму, ауыл, климат, дағдарыс, мемлекеттік трансформация, өмір сапасы, халық
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2191
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0