Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 2, 2026, с. 376-390

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ

Ш. А. Карабаева, Д. А. Рахимова, Г. С. Жансеитова, А. К. Оразгалиева, Б. А. Мархаева

Аннотация · Abstract

Мақалада қазіргі экономикалық тұрақсыздық және белгісіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасы банктерінің қаржылық тұрақтылығының негізгі мәселелері өзекті сұрақ ретінде қарастырылады. Несиелік тәуекелдерді, проблемалық активтердің деңгейін, кірістердің әртараптандырылмауын, макроэкономикалық және сыртқы факторлардың әсерін қоса алғанда, банк секторының тұрақтылығына әсер ететін бірқатар факторларды талдауға баса назар аударылады. Зерттеу банктердің өтімділік, капиталдандыру және кірістілік сияқты көрсеткіштеріне негізделген қаржылық тұрақтылықты бағалау кезеңдерін қамтиды. Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың рөліне ерекше назар аударылды. Тәуекелдерді басқару құралдары және цифрлық технологияларды енгізуді және тәуекел менеджментті жетілдіруді қоса алғанда, тұрақтылықты арттыру жөніндегі шаралар қаралады. Бөлшек несиелеудің басым болуы банктердің тұтынушылық сұранысқа тәуелділігін арттырып,олардың экономикалық ортаның өзгеруіне осалдығын арттыратыны анықталды. Сонымен қатар, корпоративті сегмент тұрақты даму динамикасын көрсетеді, бірақ оның жалпы портфолиодағы үлесі шектеулі болып қалады. Жұмыста ақша-несие саясаты мен инфляциялық факторлардың банк қызметіне әсері де талданады. Қазіргі экономикалық сын-тегеуріндер мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасының банктерінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға кешенді көзқарастың қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Кілтті сөздер: банк, қаржылық тұрақтылық, тәуекелдер, өтімділік, капиталдандыру, тәуекел-менеджмент, проблемалық активтер, қадағалау.

Сведения · Details