Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 2, 2026, с. 185-199

ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНЕ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ФАКТОРЛЫҚ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Ж. А. Дулатбекова, А. Б. Әбілқасым, К. Б. Тукибаева, Г. А. Жадигерова

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада туризмнің дамуына әсер етіп отырған туристік сала қызметтерінің жалпы Қазақстан туризміндегі даму жағдайы мен туристерді тартудағы маркетингтік қызметтің әсеріне зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында он жылдағы туристердің ағыны мен оларға ұсынылған қызметтерден түскен түсім және маркетингтік қызметке жұмсалған шығын көрсеткіштеріне талдау жасалынды. Талдау барысында әртүрлі ғылыми әдістер пайдаланылды. Атап айтқанда туристердің ағынының өсімі мен маркетингтік қызметке жұмсалған шығын өсімінің арасындағы байланысты анықтауда статистикалық талдау және туристердің ағыны мен көрсетілген қызмет түсімі мен маркетингтік қызметтің көрсетуге кеткен шығын арасындағы факторлық талдауда математикалық үлгілеудің көпмүшелі сызықтық талдау және тағы басқа әдістер пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде туристік саланың дамуында маңызды рөл атқаратын маркетингтік қызметті жүзеге асырудағы, оның ішінде нарықты зерттеу, жарнама құралдарын пайдалануға жұмсалатын қаржы он жылдың ішінде тұрақты деңгейде болмаған және ол туристердің тартымдылығын арттыруда, сәйкесінше туристерден түсетін түсімнің де артуына оң нәтижесін бермегені анықталды. Зерттеу барысында туристердің ағынына маркетингтік қызметтер оң нәтиже берсе, туристердің санының тізбекті он жылдағы өсімін екі есеге арттыруға болатыны және сәйкесінше түсімді екі есеге арттыруға болатыны негізделді. Дегенмен, талдау барысында маркетингтік қызметке кеткен шығындар көлемі кейбір жылдары (2019 жылы және 2021жылы) 3 есе жоғары болғанымен, туристік сала қызметіне оң нәтиже бермеген. Авторлармен маркетингтік қызметтің тиімділігін, туристік саланың тұрақты дамуын негіздейтін туристердің ағынының және түсімнің аруына сәйкестендіріп бағыттау қажеттігі ұсынылды. Кілтті сөздер: экономикалық тиімділік, тұрақты даму, түсім, шығын, туристік өнім, маркетингтік қызмет, талдау.

Сведения · Details