Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 2, 2026, с. 147-163
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БЕДЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ИНСТРУМЕНТТІК БАЗАСЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ КРОСС-КУЛЬТУРАЛЫҚ ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Мақала жаһандық цифрландыру және институционалдық сенім тапшылығы жағдайында мемлекеттік қызмет жүйесіндегі бедел құралдарын тұжырымдамалық талдауға арналған. Беделді басқару менеджменті имидждік құрал ретінде емес, биліктің заңдылығын және оның әкімшілік автономиясының шекараларын айқындайтын институционалдық құрылымның іргелі элементі ретінде қарастырылады. Зерттеудің әдістемелік негізі Шығыс Азия және Солтүстік Еуропа аймақтарының мемлекеттік жүйелеріне қатысты көпөлшемді сапалық салыстырмалы талдауды қолдануға негізделген. Тұжырымдардың объективтілігі Дүниежүзілік банктің басқару сапасы көрсеткіштерін және мемлекеттердің цифрлық кемелдігі туралы деректерді біріктіру арқылы қамтамасыз етілген. Халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау нәтижесінде заңдастыру тетіктері мен стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл құрылымы бойынша ерекшеленетін беделді басқарудың басым жолдары анықталып, теориялық тұрғыдан негізделді. Беделді басқару құралдарын таңдау әкімшілік режимнің түрімен және «институционалдық арна» (Path Dependency) әсерімен қатаң түрде айқындалатыны анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері жүйеаралық жақындасудың күшейіп келе жатқанын көрсетеді, оның шеңберінде цифрлық есептілік пен меритократиялық іріктеу құралдары өзара бейімделіп, беделді басқару менеджментінің гибридті модельдерін қалыптастыруда. Жұмыстың практикалық маңыздылығы әкімшілік дәстүр мен беделді басқару құралдарының тиімділігі арасындағы каузальды байланыстарды анықтауда жатыр, бұл әкімшілік реформалардың нәтижелерін болжау дәлдігін арттыруға және мемлекеттік аппаратты цифрлық трансформациялау жағдайында беделді басқару шығындарының тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: мемлекеттік қызмет, беделді басқару, әкімшілік дәстүрлер, меритократия, транспаренттілік.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2168
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0