Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2026, № 2, 2026, с. 79-93
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ
Аннотация · Abstract
Мақала Ақтөбе облысындағы емдік туризмнің қазіргі жағдайын, даму үрдістерін және өңірдің туристік-рекреациялық әлеуетін кешенді талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – емдік туризмнің өңірлік деңгейдегі ерекшеліктерін айқындау, санаторий-курорттық инфрақұрылымның даму деңгейін бағалау және оның әлеуметтік экономикалық маңызын негіздеу болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде Ақтөбе облысының емдік-сауықтыру туризмі жүйесі, ал пәні ретінде өңірдегі орналастыру орындарының, санаторий-курорттық мекемелердің қызметі мен олардың аумақтық орналасу ерекшеліктері қарастырылған. Мақалада емдік туризмнің теориялық негіздері, оның қазіргі туристік нарықтағы рөлі сипатталады. Зерттеу барысында жүйелі, салыстырмалы және статистикалық талдау әдістері қолданылып, Ақтөбе облысындағы туристік инфрақұрылымның құрылымы, орналастыру орындарының саны, қызметкерлер құрамы және аумақтық бөлінісі талданған. Нәтижелер көрсеткендей, облыста туристік қызметтің негізгі бөлігі қалалық аумақтарда, әсіресе Ақтөбе қаласында шоғырланған, ал ауылдық жерлерде инфрақұрылым жеткіліксіз дамыған. Зерттеудің маңызды бөлігі өңірдің негізгі санаторий-курорттық нысандарына – «Зәру», «Шипагер» және «ЮКОН» мекемелеріне талдау жасауға арналған. Аталған объектілердің сыйымдылығы, емдеу бағыттары, табиғи-климаттық артықшылықтары және рекреациялық мүмкіндіктері сипатталып, олардың ішкі туризмді дамытудағы және халық денсаулығын нығайтудағы рөлі айқындалған. Авторлардың пікірінше, емдік туризм Ақтөбе облысында өңірлік емдеу-сауықтыру кластерін қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Зерттеу нәтижелері өңірлік туристік саясатты жетілдіруде, ауылдық аумақтардағы туристік инфрақұрылымды дамытуда және сауықтыру туризмін әртараптандыруда практикалық маңызға ие. Кілтті сөздер: емдік туризм, сауықтыру, санаторий, туристік инфрақұрылым, өңірлік даму, маркетинг.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2164
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0