Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2026, № 2, 2026, с. 427-438

МУЛЬТИКОПТЕР КӨМЕГІМЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ЖАСАУДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ

К. Н. Тайсариева, А. А. Абдыкадыров, Д. А. Нурпеисова, Г. С. Джобалаева, Н. Бахытқызы

Аннотация · Abstract

Қоршаған ортаның ластануы қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты атмосфералық ауаның сапасын үздіксіз және жедел бақылаудың заманауи әдістерін енгізу қажеттілігі артып отыр. Зерттеудің мақсаты – мультикоптерлерді пайдалану арқылы экологиялық мониторинг жүргізу тәсілдерін кешенді талдау және олардың тиімділігін модельдеу болып табылады. Алматы қаласы аумағында жүргізілген тәжірибелік зерттеулер барысында мультикоптерлердің техникалық мүмкіндіктері, сенсорлық жабдықтары, алынған деректерді жинау және өңдеу әдістері, сондай-ақ дәстүрлі стационарлық мониторинг бекеттерімен салыстырғандағы артықшылықтары жан-жақты қарастырылды. Нәтижесінде 100 ГБ-тан астам экологиялық мәлімет жиналып, Big Data технологиялары мен машиналық оқыту алгоритмдері негізінде талданды. Зерттеу нәтижелері мультикоптерлердің деректерді дәстүрлі әдістерге қарағанда 4 есе жылдам жинап, ақпаратты өңдеуде шамамен 30 %-ға тиімді екенін көрсетті. Ластаушы заттардың 65 %-ы 0–500 м биіктікте шоғырланатыны және ауа сапасын 80–90 % дәлдікпен болжауға болатыны анықталды. CO2, NO2, SO2, PM2.5 және PM10 концентрациялары ±5 % дәлдікпен өлшенді. Негізгі шектеулер ретінде ұшу уақытының қысқалығы (50–90 мин) мен қатты жел кезіндегі тұрақсыздық белгіленді. Дегенмен, алынған нәтижелер мультикоптерлердің экологиялық мониторингтегі жоғары тиімділігін дәлелдейді және болашақта автономды жұмыс уақытын арттыру мен жасанды интеллектке негізделген талдау әдістерін жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Кілтті сөздер: Мультикоптерлер, дрондар, Big Data, машиналық оқыту, модельдеу.

Сведения · Details