Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2026, № 2, 2026, с. 117-134
БАЛА ТӘРБИЕСІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ: ДӘСТҮРЛІ ТӘЖІРИБЕЛЕР МЕН ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРУ (ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН НЕГІЗІНДЕ)
Аннотация · Abstract
Балалар тәрбиесі – символдар, ұрпақаралық қатынастар, әлеуметтік нормалар және ұлттық идентификация қалыптасатын кеңістік. Бұл мақалада Қазақстан мен Қырғызстандағы мәдени трансформация жағдайында балалар тәрбиесі мәселесі философиялық және мәдениеттанулық талдау негізінде қарастырылады. Зерттеуде екі елдің дәстүрлі дүниетанымдық жүйелері, тәрбиелік құндылықтары мен әлеуметтік институттары тарихи-мәдени контекстте зерделеніп, олардың қазіргі қоғамдағы өзгерістермен өзара ықпалы жан-жақты сипатталады. Мақалада қазақ және қырғыз дәстүрлі қоғамдарындағы отбасы құрылымының ерекшеліктері, қауымдастыққа тән тәрбие модельдері, рухани-адамгершілік бағдарлар және ортақ түркілік дүниетанымның тәрбиеге әсері терең талданады. Сонымен қатар жаһандану, урбанизация, медиамәдениет және цифрлық коммуникацияның күшеюі нәтижесінде балалар тәрбиесінде орын алған құндылықтық ығысулар, мәдени кодтардың әлсіреуі немесе жаңаша қалыптасуы, жаңа әлеуметтік рөлдер мен идентификация түрлерінің пайда болуы қарастырылған. Авторлар мәдени трансформация жағдайында дәстүрлі этно-мәдени элементтердің қандай деңгейде сақталып, қандай формада қайта интерпретацияланып жатқанын көрсетеді. Мақалада сондай-ақ қазіргі отбасылардағы тәрбиелік қатынастардың өзгеруі, ата-ана мен бала арасындағы мәдени алшақтық, жаңа моральдық дилеммалар мен құндылықтық шиеленістер арнайы талданады. Осы тұрғыдан алғанда, тәрбие кеңістігі тек әлеуметтік тәжірибе ғана емес, мәдени жадты жеткізетін және болашақ ұрпақтың құндылықтық бағдарын айқындайтын маңызды феномен ретінде түсіндіріледі. Кілтті сөздер: рухани құндылық, балалар тәрбиесі, дәстүрлі дүниетаным, мәдени код, ұлттық идентификация.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2116
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0