Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2026, № 2, 2026, с. 102-116

ПРАКТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨРІСІ: ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «АЙНАЛАЙЫН» КОНЦЕПТІСІ МЫСАЛЫНДАҒЫ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

Г. Б. Нұрадин, Б. М. Аташ, Ә. А. Құранбек

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қазақ дүниетанымына сай, басқа халықтарда кездеспейтін өзіндік төлтума ұғымдар бар екеніне шолу жасалды. Оны ішінде, «Айналайын» концепт ретінде ғана емес, философиялық этикалық категория ретінде қарастырылды және «практикалық философияның практикасы» ретінде қолданбалылығы ұсынылды. Бұл ұғымға логикалық-семантикалық, құрылымдық-функционалдық талдаулар жүргізілді, халқымыздың тарихындағы қолданылу тәжірибесінің үлгілері негізге алынды. Айналайын ұғымының мағынасын ашып көрсететін негізгі ерекшеліктері ұсынылды: әйгіленбейтіндігі, императивтілігі, андрагогикалық келбеті, қолданылу ауқымы, кесірлерге ғана арналатындығы, адамның табиғи болмысын өзгерпейтіндігі, еріктілігі, эмоционалдылығы, перпективаға бағдарланғандығы, абсолютті шынайылығы мен айдентикалылығы, антиподының астарында эмоционализм жататындығы, айналатын объект объективті бағаланудан тыс болатындығы, Айналу үрдісінде әлеуметтік айырмашылықтар талғауға салынбай, олардан абсолют тәуелсіз екендігі, эмоционализмнің сыртқа шығарылған көрінісі болып табылатындығы т.б. Сондай-ақ оның қазіргі заманға трансформациялануының, сақталуының, сабақтасуының өзіндік келбетіне шолу жасалды. Кілтті сөздер: практикалық философия, айналайын, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, эмоция, ұғым т.б.

Сведения · Details