Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2026, № 2, 2026, с. 56-72
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ: ТҰЛҒА, ТАҒДЫР ЖӘНЕ УАҚЫТ ФИЛОСОФИЯСЫ
Аннотация · Abstract
Мақаланың мақсаты – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың халық әндеріндегі ұлттық дүниетанымның трансформациясын философиялық-антропологиялық және экзистенциалдық тұрғыдан талдау. Мақалада ХХ ғасыр басында жинақталған фольклорлық деректер зерттеу нысаны ретінде алынып, ән өнерін жай ғана мәдени мұра емес, ұлттың сындарлы тарихи кезеңдегі рухани тәжірибесінің құжаты ретінде қарастырылады. Зерттеудің әдіснамалық негізін М. Бахтиннің хронотоп теориясы, М. Хайдеггердің болмыс философиясы және Я. Ассманның мәдени жад тұжырымдамасы құрайды. Мақалада негізгі базис ретінде 1916 жылғы оқиғалар, ашаршылық және саяси қуғын-сүргін әсерінен қазақ санасындағы дәстүрлі циклдік уақыт ұғымы бұзылып, оның орнын трагедиялық, сызықтық тарих алмастырғаны тұжырымдалады. Сондай-ақ физикалық кеңістіктің – жердің тарылуы немесе одан айырылған жағдайда «ән» феноменінің ұлттық бірегейлікті сақтайтын «онтологиялық баспанаға» айналғаны дәйектеледі. Зерттеу барысында эпикалық «Біз» санасынан – трагедиялық «Мен» санасына өту процесі, шетел асқан қазақтардың әндеріндегі «жат жер» феноменологиясы және әйелдер лирикасындағы гендерлік теңдік пен субъектілік мәселелері жаңа қырынан талданды. Қорытындылай келе, ХХ ғасыр әндері абсурдтық шындыққа қарсы бағытталған экзистенциалдық қарсылық және тарихи жадыны сақтаудың бірегей механизмі деп бағаланады. Кілтті сөздер: ұлттық дүниетаным, қазақ ән өнері, хронотоп, экзистенциализм, мәдени жад, қазақ философиясы, гендерлік теңдік.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2112
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Humanities series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0