Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 763-783

Мектеп жасына дейінгі аутистік спектрі бұзылысы бар балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Г. Н. Орынғалиева

Аннотация · Abstract

Аутизм спектрі бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балаларда вербалды және бейвербалды қарым-қатынаста айқын қиындықтар байқалып, бұл олардың бейімделу әлеуетін әлсіретіп, әлеуметтік өзара әрекеттесуді күрделендіреді. Зерттеу 4–6 жастағы 40 баланың коммуникативтік құзыреттіліктерін бастапқы кезеңде жан-жақты бағалап, оларды эксперименттік және бақылау топтарына бөлуді қамтыды. ADOS-2 нәтижелері мен жартылай құрылымдық педагогикалық бақылауға сүйене отырып, сенсорлық-реттеу көрсеткіштерінің (SRS), танымдық қабілеттердің (WISC-V) және отбасы-тәрбие ортасының параметрлерінің (ата-ана мен мұғалім сауалнамалары) вербалды және вербалды емес дағдыларға әсері талданды. Эксперименттік топ сенсорлық интеграция жаттығулары, когнитивтік бағдарлы сөйлеу сценарийлері және отбасылық тренингтерден тұратын он түзету-дамыту сабағына қатысса, бақылау тобы логопедиялық және психологиялық шаралардың стандартты кешенін алды. Статистикалық талдау (Уилкоксон және Манн–Уитни тестілері, Пирсон корреляциясы) эксперименттік топта бастамалық мәлімдемелер жиілігі мен лексикалық әртүрліліктің (Шеннон индексі) екі еседен артығын, ым-ишара мен мимика репертуарының елеулі кеңеюін және жалпы тиімділіктің 70 %-дан жоғары өскенін көрсетті. Сонымен қатар, байланыс көрсеткіштері сенсорлық сезімталдық деңгейімен (r –0,70-ке дейін), интеллект деңгейімен (r = 0,81) және ортаның қолдау дәрежесімен (r = 0,84) маңызды байланысқа ие екені анықталды. Алынған деректер негізінде мақсатты араласудың интеграциялық моделі ұсынылып, педагогтар мен ата-аналарға арналған практикалық ұсынымдар әзірленді; оларды мектепке дейінгі ұйымдар мен мамандандырылған орталықтарда түзету жұмысын жекелеу және АСД бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін енгізуге болады. Кілтті сөздер: мектеп жасына дейінгі балалар, өмір сүру сапасы, түзету, қарым-қатынас, бейімделу, әлеуметтік өзара әрекеттесу.

Сведения · Details