Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 744-762

Бейімделген оқыту жүйесін әзірлеу: инклюзивті білім беруге арналған жасанды интеллект алгоритмдеріне жүйелік шолу

Г. Ф. Нурбекова, Д. Б. Баумуратова, Ш. Б. Баумуратова

Аннотация · Abstract

Жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы жетістіктердің қарқынды дамуы инклюзивті білім беру саласын түбегейлі өзгертуге әлеуетті мүмкіндік береді. Бұл динамикалық орта бейімделген оқыту жүйелерінде жасанды интеллект интеграциясын зерттеуді, сондай-ақ білім беру нәтижелерін жақсарту мақсатында оның мүмкіндіктері мен қиындықтарын түсіндіруді талап етеді. Бұл зерттеу жасанды интеллект технологияларын инклюзивті білім беруде бейімделген оқыту жүйесін қолдануды, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін және білім алушылардың қызығушылығына, білімді меңгеруіне және нәтижелеріне әсерін талдауға бағытталған. Мақалада бейімделген оқыту алгоритмдерін қолдану мен олардың білім берудегі әсерін бағалау үшін PRISMA әдістемесіне негізделген жүйелі шолу тәсілі қолданылды. Бұл әдіс бойынша мақалаларды іріктеу, сараптау және талдау кезеңдері бірізді түрде жүргізілді. Инклюзивті білім беруде жасанды интеллект интеграциясы білім беру процесінің жекеленуі мен тиімділігіне айтарлықтай үлес қосады. Деректердің құпиялылығы және жасанды интеллект жүйелерінің күрделілігі сияқты қиындықтарға қарамастан, нәтижелер бейімделген оқытудың жеке білім алушы қажеттіліктеріне бағытталып, инклюзивті білім беруде төңкеріс жасауға әлеуеті бар екенін көрсетеді. Кілтті сөздер: бейімделген оқыту жүйесі, инклюзивті білім беру, жасанды интеллект, машиналық оқыту, адаптивті оқыту жүйесі.

Сведения · Details