Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 731-743

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде нейропедагогиканың мүмкіндіктері мен оның оқу үдерісіне ықпалы

Ж. А. Шажабаева, А. А. Алимбекова, А. И. Булшекбаева, Ғ. Б. Саржанова

Аннотация · Abstract

Зерттеуде нейропедагогиканың жаңа мүмкіндіктері мен оны оқытудың мақсаттары, міндеттері және ерекшеліктері қарастырылған. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде нейропедагогиканың білім беру теориясы мен практикасы үшін қосатын жаңа білім саласы негізінде ғылыми дамуының қажеттілігі атап өтіледі. Нейропедагогиканы зерттеуші ғалымдардың еңбектері негізінде оның даму және оқу тәжірибесіне ену тарихы, нейроғылымдар аясындағы соңғы деректер, нейробілім нәтижелерінің негізінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру мүмкіндіктері баяндалады. Баланың танымдық және жеке дамуына бағытталған білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін маңызды нейропедагогиканың негізгі идеялары сипатталады. Нейропедагогика мидың атқаратын рөлін қарастыратындықтан, оқу үдерісінде тікелей баланың танымдық және жеке тұлғалық дамуына бағытталғандығы туралы айтылып, нейропедагогиканың негізгі параметрлерге жауап берудегі маңыздылығына талдау жасалған. Нейропедагогика ми туралы басқа ғылымдармен байланысын ескере отырып, мидың білім мен дамудағы психологиялық үдерістерін ұйымдастыруда теориялық және практикалық білімді қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік береді. Мақаланың тәжірибелік бөлімінде нейропедагогикалық жаттығулар негізінде бағдарлама құрылып, оның тиімділігін анықтау мақсатында диагностика жүргізілді. Бағдарламаның тиімділігі эксперименттік және бақылау топтарындағы тәрбиеленушілердің когнитивті, әлеуметтік, эмоционалды даму деңгейімен анықталды. Кілтті сөздер: нейропедагогика, мектепке дейінгі білім, нейроғылым, танымдық дамуы, оқыту үдерісі, мектепке дейінгі ұйым.

Сведения · Details