Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 611-634
Қашықтықтан оқыту үдерісінде болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту
Аннотация · Abstract
Мақалада қашықтықтан оқыту үдерісінде болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мәселелері, теориялық тұрғыда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу және қашықтықтан оқытудың педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби дағдыларын дамыту қарастырылған. Зерттеу мақсаты - болашақ мамандардың оқу үдерісінде кәсіби дағдыларын қашықтықтан оқыту тұрғысында талдау және оны күндізгі бөлімде оқитын студенттермен салыстыру арқылы тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, арнайы білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылды. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып дайындалған дәрістер Zoom және Moodle платформалары арқылы оқылып, жүргізілді. Қолданылған әдістемелер керекті деректермен дәлелденген және жан-жақты талданған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, зерттеу алдында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, қашықтықтан және күндізгі бөлімде оқитын студенттердің кәсіби дағдыларының даму деңгейін анықталып, студенттерге бағытталған сауалнамалар жүргізіліп, нәтижелері ұсынылған. Экспериментте қолданылған әдістер студенттердің кәсіби дағдыларының даму деңгейін анықтауға және студенттер қандай дағдыларды ең маңызды деп санайтындарын анықтауға көмектесті. Қашықтықтан оқытуды немесе онлайн оқытуды ұйымдастыру болашақ мамандардың кәсіби дағдыларымен бірге цифрлық құзыреттіліктерін тиімді түрде дамуына мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: қашықтықтан оқыту, болашақ маман, кәсіби дағды, бағдарлама, оқу үдерісі, зерттеу, әдістеме.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2084
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0