Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 598-610

IB бағдарламасы контекстінде жобалық оқыту арқылы оқушылардың ұлттық бірегейлігін дамыту

Г. Т. Қасенова, М. Е. Нургалиева

Аннотация · Abstract

Аталған мақалада Халықаралық бакалавриат (ІВ) бағдарламасы мен ұлттық құндылықтар ұғымы кіріктіріліп, жобалық оқыту педагогикалық әдісі арқылы жүзеге асыру мәселесі зерттеледі. Жаһандану заманына сай халықаралық бағдарламаларды білім беру ортасында жүзеге асыру, ұлттық құндылық пен бірегейлікті ұштастыру сияқты аса маңызды міндеттер шешіледі. Мәселені қарастыру үшін Астана қаласындағы Riviera International school мектебiнiң 8-сынып білім алушыларымен бірнеше апта ішінде зерттеу жүргізілді. Патриоттық сезім, мәдени бірегейлік, азаматтық белсенділік, ұлттық құндылықтарды түсіну сияқты ұлттық сананың негізгі төрт өлшемін Ликерт өлшем бірлігі сауалнамасы бойынша анықталып, талдау жүргізілді. Зерттеуден кейінгі және зерттеуге дейінгі статистикалық және маңызды өзгерістер бойынша жұмыс барысы анықталды, нәтижелер шығарылды. Нәтижелер ІВ бағдарламасының МҮР шеңберінде ұлттық құндылық, бірегейлік ұғымының жобалық оқыту арқылы бірнеше мәселені шешетінін дәлелдеді. Оның ішінде ұлттық, жаһандық құзыреттіліктерді дамытудағы тиімді тәсіл екендігін көрсетті. Оқу үрдісінің қатысушыларына арналған әдістемелік ұсынымдар жасалды. Халықаралық бағдарламалар мен ұлттық ерекшелікті ұштастырып, білім беру үрдісінде жаһандану мен өз ұлтына ғана тән белгілерді кіріктіру әлемдік білім саласымен әрекеттесуді кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашады. Кілтті сөздер: Халықаралық бакалавриат бағдарламасы, ұлттық құндылықтар, жобалық оқыту, оқу бағдарламасы, зерттеу дағдылары, жаһандық контекст.

Сведения · Details