Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 580-597
Оқушылардың құндылықтық әлеуетін дамыту құралы ретінде әлеуметтік-экологиялық білім беру
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада оқушылардың құндылықтық әлеуетін дамытуда әлеуметтік-экологиялық білім берудің орны мен маңызы теориялық және практикалық тұрғыдан талданады. Қазіргі замандағы экологиялық проблемалардың ушығуы мен қоғамның табиғатқа деген жауапкершілік деңгейінің төмендеуі экологиялық білім беру мазмұнын қайта қарауды және оны оқушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастырумен ұштастыруды талап етеді. Осы мақсатта авторлар мектеп оқушыларына арналған арнайы әлеуметтік-экологиялық білім беру бағдарламасын әзірлеп, оны эксперименттік жағдайда сынақтан өткізді. Бағдарлама мазмұнына экологиялық мәдениет, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас, экологиялық этика және әлеуметтік жауапкершілік сияқты тақырыптар енгізілді. Зерттеу барысында 9–11 сынып оқушыларының экологиялық білімі мен мінез-құлқының деңгейін анықтауға арналған әдістемелік құралдар қолданылды, нәтижесінде эксперименттік топта экологиялық білім деңгейі мен саналы экологиялық мінез-құлық дағдыларының айтарлықтай артқаны байқалды. Зерттеуде «экологиялық мінез-құлық» ұғымы оқушылардың табиғатқа деген саналы және жауапты әрекеттер жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл ұғымға табиғатты қорғауға бағытталған күнделікті әдеттер (мысалы, ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау), экологиялық іс-шараларға қатысу, сондай-ақ табиғатқа зиян келтірмеуге деген ішкі ұстанымдар жатады. Сонымен қатар, оқушылар бағдарламаның мазмұны мен әдістеріне жоғары қызығушылық танытып, алынған білімді күнделікті өмірде қолдануға дайын екендерін білдірді. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік-экологиялық білім беру – тек ақпарат берудің ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың құндылықтық сана-сезімін, табиғатқа деген этикалық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың маңызды құралы екенін дәлелдейді. Мақалада ұсынылған бағдарламаның құрылымы, мазмұны мен нәтижелері білім беру жүйесінде құндылықтарға негізделген экологиялық тәрбиені іске асыруда тәжірибелік маңызы бар екенін көрсетеді. Кілтті сөздер: экологиялық білім, экологиялық сана, Қазақстан Республикасы, тұрақты даму, жобалық қызмет, экологиялық жауапкершілік.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2082
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0