Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 502-524
Мобильді қосымшаларды математикада қолданудағы педагогикалық мәселелер
Аннотация · Abstract
Мақалада болашақ математика пәні мұғалімдерін даярлау үдерісінде мобильді қосымшаларды қолданудың маңыздылығы мен тиімділігі теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талданады. Авторлар білім берудің цифрлану жағдайында мұғалімнің тек пәндік біліммен шектелмей, сонымен қатар заманауи цифрлық құралдарды педагогикалық мақсатта саналы және нәтижелі қолдана білуі қажет екенін алға тартады.Зерттеу барысында студенттер екі топқа бөлініп, тәжірибелік топқа GeoGebra, Photomath сынды мобильді қосымшалармен жұмыс істеу ұсынылды. Олар функциялар, тригонометрия, графиктер тақырыптарын визуалды және интерактивті тәсілмен меңгеріп, сабақ құрылымына мобильді құралдарды кіріктіруді үйренді. Ал бақылау тобы дәстүрлі әдістерді қолдану арқылы оқытылды. Нәтижесінде тәжірибелік топтың оқу мотивациясы, әдістемелік икемділігі және цифрлық құзыреттілігі айтарлықтай артқаны байқалды.Мақалада диагностикалық сауалнама негізінде студенттердің бастапқы дайындығы, мобильді қосымшалар туралы білімі мен оларды қолданудағы қиындықтары талданады. Сондай-ақ, нақты сабақ үлгілері, қосымшаларды қолдану жағдайлары мен олардың білім нәтижесіне әсері жан-жақты сипатталады.Бұл зерттеу педагогикалық жоғары оқу орындарында цифрлық технологияны мақсатты түрде енгізудің маңызын көрсетіп қана қоймай, мобильді қосымшаларды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қолдану қажеттігін дәлелдейді. Мақала материалдары әдіскерлерге, оқытушыларға, магистранттар мен болашақ мұғалімдерге арналған тәжірибелік құрал ретінде пайдалы бола алады. Кілтті сөздер: мобильді қосымшалар, цифрлық құзыреттілік, педагогикалық мәселелер, цифрлық технологиялар, мобильді оқыту, әдістемелік қолдау.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2078
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0