Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 317-336

Дуальды білім беру жүйесі: артықшылықтары мен модельдік үлгілері

А. М. Қарабай, Д. Б. Баумуратова, Х. И. Булбул

Аннотация · Abstract

Мақалада дуальды білім беру жүйесінің не екені, қай елдерде жұмыс істеп жатқаны және Қазақстанда дуальды оқыту қай уақытта басталғаны және қазіргі даму деңгейі, негізгі қағидаттары, атап айтқанда теориялық және практикалық оқытудың интеграциясы, дуальды оқыту барысында цифрлық білім беру жүйенің мүмкіндіктері, жұмыс берушілердің білім беру үдерісіне, оқу бағдарламаларын жасау барысына қатысуы және дуальды оқытудың түрлері, яғни мансаптық интеграцияланған дуальды оқытуды қолдану барысында E-dual.kz моделі қарастырылып, талданады. Дуальды білім беру жүйесін талдау үшін Prisma әдістеріне негізделген 2015-2024 жылдар аралығын қамтитын жарияланымдарға жүйелі шолу жасалды. Жүргізілген зерттеулер негізінде шетелдік дуальды білім беру жүйесімен Қазақстандағы дуальды білім беру жүйесін салыстыра отырып, біршама артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтадық. Сондай-ақ дуальды білім беру жүйесін енгізу және жүзеге асыруға байланысты мәселелері қарастырылды, яғни білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы өзара байланысты орнату қажеттілігі. Зерттеу нәтижелері білім беруді цифрландыру жағдайында дуальды оқытудың мүмкіндіктері бар екенін, сонымен қатар тәжірибе барысында қолдануын одан әрі зерттеу қажеттігін атап көрсетеді. Кілтті сөздер: дуальды білім беру, цифрлық білім беру, оқу ортасы, білім беру бағдарламалары, E-dual моделі.

Сведения · Details