Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 266-283
Көшбасшы оқытушының негізгі құзіреттіліктері
Аннотация · Abstract
Зерттеп отырған мақала қазіргі таңда зерттеу саласында өзекті болып отырған білім саласындағы көшбасшылық, шет тілін беретін оқытушының рөлі, көшбасшы оқытушылардың негізгі құзіреттіліктері, коммуникативтік көшбасшылық сияқты мәселелерді қарастырады. Соңғы жылдары мұғалімдердің сынып ішінде ғана емес одан тыс рөлдері дамып, оларды зерттеу, көбірек көңіл бөлу арқылы оқытушының кәсіпқойлығын күшейту тақырыбына қызығушылықтың артуы таңқаларлық емес. Білім берудегі көшбасшылық мәдени және контекстік жағынан байланысты күрделі процесс, дегенмен оның анықтамасы, ол туралы зерттеулер жоқтың қасы екеніне қарамастан, оның білім беру нәтижелерін жақсартудағы маңыздылығына қатысты пікірлер көп. Әртүрлі зерттеулер нәтижелері білім алушылардың білім саласында көрсететін нәтижелері мен көшбасшылық арасында берік байланыс бар екенін анықтады. Берілген мақалада автор шет тілін беретін оқытушының негізгі рөлі, қосалқы рөлдері, білім саласындағы көшбасшылық, коммуникативтік көшбасшылық, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, озат, өз саласының көшбасшысы болу үшін қажетті негізгі құзіреттіліктерді анықтап, олардың мәні мен атқаратын қызметтерін саралайды. Мақалада тақырып бойынша сипаттамалық, салыстырмалы, аналитикалық және прагматикалық талдау жасалып, ағылшын тілі оқытушысының пәнді ұйымдастырудағы көшбасшылық рөлдері анықталды. Осы рөлдерді анықтауда көшбасшылық коммуникативтік құзіреттілік анықталып, оқытушының пәнді оқыту мен ұйымдастыру рөлінен басқа көшбасшылық қабілеттерді дамытатын басқада қосалқы рөлдері анықталды. Сонымен қатар, зерттеу аясында анықталған көшбасшылық құзіреттіліктер мен рөлдерді талдау мақсатында университет пән оқытушылары арасында сауалнама ұйымдастырылып нәтижесі талқыланды. Кілтті сөздер: көшбасшылық, көшбасшы оқытушы, коммуникативтік құзіреттілік, оқу үдерісі, мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілік, оқытушы, білім алушы, білім саласындағы саясат пен реформалар.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2064
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0