Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 60-72

Білім беру үрдісінде бейімдеп оқыту технологияларының қолданылу жағдайы

Ж. Е. Зулпыхар, Р. З. Жилмагамбетова, А. М. Мубараков, Б. А. Оразбаева

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қазіргі заманғы оқыту технологияларының интеграциясы жағдайында Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі талданады. Негізгі міндет білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру болып табылады, бұл жүйелер деректерді талдау негізінде оқытылатын жасанды интеллект дәуірінде ерекше өзекті болады. Бейімдеп оқыту әр білім алушының қажеттіліктеріне сәйкес мазмұнды, қиындық деңгейін және форматты қоса алғанда, оқу үрдісін автоматты түрде реттейтін тиімді тәсіл ретінде қарастырылады. Зерттеу көрсеткендей, бейімдеп оқыту әдістерін енгізу білім алушылардың үлгерімін, мотивациясын және белсенділігін арттыруға, сондай-ақ оқудан шығу деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Мақала оқу үрдісін оңтайландыру және білім беруде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін деректерді талдаудың озық әдістерін қолданудың маңыздылығына назар аударады. Осылайша, бейімдеп оқыту қазіргі жағдайда білім беру үрдісінің сапасын жақсартуға ықпал ететін перспективалық бағыт болып табылады. Яғни, жаһандық тенденциялар мен бейімдеп оқытудың синергиясы оқу үрдісін жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа технологиялармен және педагогикалық әдістермен тиімді әрекеттесе алатын білім беру жүйесін құруға ықпал етеді, сол арқылы білім беруді үздіксіз жетілдіруге қолдау көрсетеді. Кілтті сөздер: бейімдеп оқыту,оқыту мазмұны,қиындық деңгейі, оқыту технологиялары, білім беру үрдісі.

Сведения · Details