Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2026, № 2, 2026, с. 8-28

Цифрлық трансформация: журналистика және PR мамандарын даярлауда мобильді қосымшаларды қолдану

Н. А. Абуева, А. С. Бузело, У. А. Абуев, А. М. Жусупова

Аннотация · Abstract

Цифрлық трансформация жағдайында білім беру саласындағы заманауи технологиялар журналистика және PR саласы бойынша мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Мобильді қосымшаларды пайдалану заманауи студенттерге кәсіби дағдыларды меңгеруге, медиаконтентпен жұмыс істеуге және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл мақалада мобильді технологиялардың білім беру процесіне әсері, сондай-ақ Canva, Trello, Notion, Grammarly, Google Drive, Google Docs, WordPress, iMovie, Kinemaster, Hootsuite, Buffer және Mojo сияқты ең сұранысқа ие қосымшалар және олардың кәсіби құзыреттерді дамытуға әсері қарастырылады. Зерттеу әдістемесіне студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама жүргізу, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын зерттеу және дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырмалы талдау кіреді. Негізгі нәтижелерге сәйкес, студенттердің 80%-ы мобильді қосымшаларды үнемі пайдаланады, ал эксперименттік топтың орташа үлгерім бағасы 74-тен 81-ге дейін, ал оқу үдерісіне қатысу деңгейі 3.1-ден 4.4-ке дейін артқан. Зерттеу қорытындылары мобильді технологиялардың журналистика және PR мамандарын даярлауда маңызды құрал екенін дәлелдейді. Бұл мақалада білім беру процесіне мобильді шешімдерді интеграциялау бойынша ұсыныстар беріліп, болашақ зерттеулердің перспективалық бағыттары айқындалады. Кілтті сөздер: цифрлық трансформация, мобильді қосымшалар, журналистика, PR, білім беру, EdTech, медиакоммуникациялар.

Сведения · Details