Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 638-653

ҚАЗАҚ ПОДКАСТТАРЫНДАҒЫ АНДРОЦЕНТРИЗМ

Р. А. Төреханова, У. Г. Анесова, Г. А. Таирова

Аннотация · Abstract

Мақалада қазақ тіліндегі андроцентризм концепті подкасттар негізінде зерттеледі, сонымен қатар қазақ тіліндегі гендерлік ерекшеліктер сипатталады. Тілдердің жыныстық ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қашан да ғалымдардың зерттеу тақырыбы болған. Әйелдер мен ерлердің сөйлеу мәнеріндегі ерекшеліктер мәдениетке, қоғамдағы әлеуметтік нормаларға байланысты дамып және өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіне тән тілдік және гендерлік ерекшеліктері бар. «Мәселен қазақ тілі гендерлі бейтарап тілдер санатына кіреді». Ол дегеніміз қазақ тілі грамматикалық тұрғыдан гендерге бөлінбейді. «Қазақ тілі андроцентризмді ме және ол тілде қалай көрініс табады деген сұрақ біздің зерттеу тақырыбымыздың негізгі нысаны болып табылады». Ал андроцентризм дегеніміз әлемге ерлердің көзқарасымен қарау дегенді білдіреді. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты подкасттардағы андроцентризм белгілерін анықтау болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін біз қазақ тілінде жарық көрген және ең көп қаралымға ие подкасттарды таңдап талдау жасадық. Подкасттарды зерттеу материалы ретінде таңдауымыздың себебі, олар бүгінде қоғамдық пікірді қалыптастырушы құралға айналып келеді және жастар мен үлкендер арасында сұранысқа ие. Зерттеу барысында сапалық және контент талдау әдістері қолданылды, себебі таңдалған подкасттардан андроцентризм мен маскулинді белгілер іздестіріледі.« Қазақ тілі гендерлі бейтарап тіл болғандықтан онда грамматикалық тұрғыдан андроцентризмді анықтау қиын». Нәтижесінде қазақ подкасттарында андроцентризм гендерлік стереотиптер, қазақтың паремиологиялық жүйесі және әлемнің тілдік бейнесі категорияларынан анықталды. Қазақ тілінде гендерлік лингвистика ғылымның жаңа бағыт екенін ескерсек, бұл зерттеу жұмысы практикалық тұрғыдан қазақ гендерлік лингвистикасының дамуына үлес қосады деп ойлаймыз. Себебі бұл зерттеу жұмысында гендерлік лингвистиканың жаңа терминдерінің бірі андроцентризм концепті жаңа қырынан ашылады.

Сведения · Details