Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 623-637

САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАР

Г. Төкенқызы

Аннотация · Abstract

Мақала саяси мәтіндегі тілдік құралдардың прагматикалық ерекшелігін айқындауға арналған. Зерттеуде саяси дискурстағы тілдік құзірет пен прагматикалық стратегиялардың қызметі талданады. Сондай-ақ саяси мәтін, саясаткердің тілдік құзіреті мен коммуникациялық шеберлігі, шешендік қырлары саяси мақсатқа қол жеткізудің негізгі факторлары екендігі көрсетіледі. Мақалада тілдің құрылымдық, функционалдық, прагматикалық деңгейлері талдауға түседі. Иллокутивті және перлокутивті актілердің саяси мәтіндердегі қызметі лингвопрагматикалық тұрғыдан зерделенеді. Зерттеу барысында еліміздегі саясаткерлердің дискурстары талдау нысаны болған. Қазіргі тіл білімінде саяси дискурс қоғамның әлеуметтік, мәдени және танымдық құрылымын бейнелейтін күрделі коммуникативтік феномен ретінде қарастырылады. Саяси коммуникацияның мазмұнын талдауда әлеуметтік ерекшеліктердің ескерілуі айрықша маңызды, себебі дискурс – тек тілдік көрініс емес, ол қоғамдағы идеологиялық қатынастар мен әлеуметтік өзара әрекеттің нәтижесі. Сөз бұл үдерісте ақпарат жеткізудің ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сананы қалыптастырудың, әлеуметтік рөлдер мен құндылықтарды ұғындырудың құралы қызметін атқарады. Демек, тіл саяси кеңістікте индивидтердің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, олардың когнитивтік әрекеттерін реттейтін әлеуметтік тетікке айналады. Сөз – әлеуметтік әрекеттің ерекше формасы, ол адамның дүниетанымдық бейнесін, ұжымдық жадын және саяси тәжірибесін бейнелей отырып, нақты идеологиялық контексте жүзеге асады. Сондықтан мақалада саяси дискурстағы лексемалардың әлеуметтік мәні, когнитивтік мазмұны және прагматикалық қызметі кешенді түрде қарастырылады.

Сведения · Details