Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 555-569
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТІЛДІК ЭКОЛОГИЯҒА ЫҚПАЛЫ
Аннотация · Abstract
Зерттеуде Қазақстан мен АҚШ әлеуметтік медиасының лингвистикалық экологиясы салыстырылып, цифрлық коммуникацияның тілдік нормаларға, лексикалық өзгерістерге және синтаксистік түрленімдерге ықпалы талданады. Аралас әдіс қолданылды: Google Forms арқылы жиналған сауалнама деректері әлеуметтік желідегі мәтіндермен (пост, пікір, чат) бірге қарастырылып, сандық жауаптар жиілік пен пайыз бойынша есептелді, ал ашық жауаптардан қайталанып кездесетін негізгі тақырыптар анықталды. 14–45 жас аралығындағы 135 қазақстандық қолданушының жауабы сленг, аббревиатура, пунктуация, эмодзи, кірме сөз және код ауыстыру құбылыстарын сипаттайды. Нәтижелер әлеуметтік желіні респонденттердің көбі достарымен байланыс пен жаңалық оқу үшін қолданатынын, орфография мен пунктуацияны маңызды деп санайтынын, алайда кейде қысқартулар мен аралас тіл қолданысын таңдауға бейім екенін көрсетті. АҚШ дискурсында lol, omg, idk тәрізді интернет-сленг, мем және хэштегтер прагматикалық қызмет атқарады. Зерттеу цифрлық ортада тілдік тепе-теңдікті сақтау үшін білім беру, тіл саясаты және білім беру деңгейінде практикалық кеңестер ұсынады. Платформа таңдауы бойынша WhatsApp, Instagram, YouTube, Telegram және TikTok алдыңғы орында. Тілдік экология үшін норма мен инновацияның тепе-теңдігін сақтауды, мектеп пен ЖОО-да цифрлық жазылым мәдениетін жүйелі оқытудың қажеттілігін көрсетеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2012
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0