Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 516-529
ТҮРКІ ЕСКЕРКІШТЕРІНДЕГІ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУ МОТИВІ
Аннотация · Abstract
Көне түркі жазба әдеби мұралары «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз-наме», «Шыңғыснама» туралы көне миф, аңыз-әңгімелердегі діни мифологиялық көріністерге талдау жасайды. Түркі ескерткіштеріндегі ғажайып туу мотивін зерттеу мәселелері фольклортанушылармен қатар, дін тарихын зерттеуші ғалымдар мен этнографтардың назарын аударған өзекті мәселенің бірі деп қараған жөн. Бұл мақалада ежелгі оғыз және түркі тайпаларының таралуы, олардың дүниеге келуі туралы мифтерге тән тотемдік наным-сенімдер мен фольклорлық мифтердің сипатталуы сөз болады. Түркі халықтарының эпикалық дәстүріндегі ғажайып туу бейнелері – көне наным-сенімдер мен дүниетанымның көрінісі ретінде қарастырылады. Бұл мақалада «Оғызнама», «Шыңғыснама», «Қорқыт ата кітабы» мен «Манас» эпостарындағы кейіпкерлердің ерекшелігін айқындауға бағытталған көркемдік тәсілдер талданады. Зерттеу барысында Оғыз, Қорқыт, Шыңғыс хан сияқты тарихи-мифологиялық тұлғалардың дүниеге келуіне қатысты аңыздар мен шежірелер негізге алынып, ғажайып туу мотивінің мағынасы ашылады. Бұл сарындар арқылы кейіпкерлердің өзгеше болмысы мен қасиеттілігі бейнеленеді. Сонымен қатар, түркі-монғол тайпаларының шығу тегі туралы шежірелік деректер мен аңыздар ғажайып туу феноменін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Аталған мотив түркі фольклорына ғана емес, сонымен қатар жаһандық мифологиялық кеңістікке тән екендігі дәлелденеді. Осы тұрғыдан алғанда, ғажайып тууға байланысты көріністер тек ұлттық әдебиет қана емес, бүкіл әлемдік фольклордағы ортақ көркемдік заңдылықтардың бірі ретінде қарастырылады. Түркі ескерткіштеріндегі бұл сияқты фольклорлық мотивтер қазіргі әдебиеттанудағы өзекті зерттеу нысандарының қатарына жатады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2009
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0