Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 475-487

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИНТЕРМЕДИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС

А. И. Сапарова, Е. М. Солтанаева

Аннотация · Abstract

Мақалада қазіргі прозадағы маңызды тенденциялардың бірі – интермедия туралы дәйектер келтіріледі. Интермедиялық түсінік бір өнердің бойынан, нақтырақ айтсақ, әдеби мәтіндердің ішінен өзге өнер түрлерінің өзіне тән ерекшелігін көрсету, сонымен бірге оның көркем мәтінді ұйымдастыру принциптерінің күрделенуі нәтижесінде пайда болғаны пайымдалады. Интермедиялық – бір жағынан, көркем мәтінді ұйымдастырудың ерекше тәсілі ретінде, екінші жағынан, жеке көркем шығарманы және жалпы көркем мәдениет тілін талдаудың арнайы әдістемесі ретінде анықталады. Әрине, мұндай әдістеме пәнаралық зерттеу принциптеріне сүйенеді. Отандық әдебиеттануда «өнердің өзара әрекеттесуі» терминінің орнына интермедиялық ұғымы кеңінен қолданылады, бұл өнер түрлеріне негізделген мәтінішілік байланыстардың түрлерін анықтауға көмектеседі. Интермедия сияқты күрделі және көп қырлы теориялық түсінікті зерттеу үшін бұл терминнің нені білдіретінін анықтау маңызды. Зерттеушілер аталған тұжырымдаманың бірнеше нұсқасын ұсынады, дегенмен олардың көпшілігі интермедияны белгілі бір процесс ретінде қабылдауға бейім өнер түрлері арасындағы диалог ретінде қарастырады. Қазіргі әдебиеттегі интермедиялық процестердің жандануы мәдени парадигманың кезекті өзгеруімен байланысты және әдеби центризмнен бас тарта отырып, өнер центризміне алып келді. Соңғы ғылыми зерттеулерді ескере отырып, интермедиялықтың біртұтас жүйеде әр түрлі өнер тілдерінің өзара әрекеттесуіне негізделген қатынастардың ерекше түрі, басқаша айтқанда, көркем шығармадағы өнер түрлері (кино, кескіндеме, сәулет және т.б.) туралы ақпаратты қамтитын бейнелі құрылымдардың болуын бағамдайды.

Сведения · Details