Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 393-408
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ СЕМАНТИКАЛЫҚ РӨЛДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК-ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада қазақ тіліндегі генеративті семантикалық категориялардың когнитивтік-грамматикалық модельдері кешенді түрде талданады. Зерттеудің мақсаты – сөйлем құрылымында қызмет атқаратын негізгі семантикалық рөлдердің (агенс, пациенс, бенефициар, каузатив, локатив, темпорал) ұғымдық репрезентациясын анықтау және олардың прагматикалық-функционалдық ерекшеліктерін сипаттау. Нысан ретінде Қазақ ұлттық корпусы мен әртүрлі жанрдағы жазба мәтіндерден іріктелген 3 000-ға жуық сөйлем алынды. Зерттеу әдістемесі үш кезеңге бөлінді: алғашқы кезеңде когнитивтік-грамматикалық талдау негізінде семантикалық рөлдердің морфо-синтаксистік таңбалану үлгілері жүйеленді; екінші кезеңде генеративті семантика аясында ұғымдық құрылым мен синтаксистік проекция арасындағы сәйкестік схемасы жасалды; үшінші кезеңде отандық (А. Байтұрсынұлы, Ж. Манкеева, О. Жүбаева, Ш. Құрманбайұлы) және шетелдік (N. Chomsky, C. Fillmore, R. Jackendoff) зерттеулер салыстырмалы-концептуалдық негізде сараланды. Нәтижесінде қазақ тіліндегі семантикалық рөлдердің морфо-синтаксистік ерекшеліктері, ұғымдық негіздері және ұлттық таныммен байланысы анықталды. Атап айтқанда агенс пен каузатив рөлдері көбіне атау және шығыс септіктерімен, ал пациенс пен бенефициар табыс пен барыс септіктерімен таңбаланады; локатив пен темпорал рөлдер үстеулер, деривациялық аффикстер және пысықтауыштық құрылымдар арқылы беріледі. Ұсынылған құрылымдық-когнитивтік модель семантикалық рөлдерді жүйелеуге, сөйлем құрылымын ұғымдық деңгейде сипаттауға және болашақ автоматтандырылған тіл өңдеу технологияларында қолдануға теориялық негіз бола алады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2001
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0