Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 380-392
М. Ж. Көпейұлының діни дастандарының мазмұндық және көркемдік ерекшеліктері
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни дастандары, олардың мазмұндық және көркемдік ерекшеліктері қарастырылады. Діни дастандардың көтерген мәселесі, діни-адамгершілік құндылықтардың кейіпкер арқылы берілуі, олардың тәрбиелік маңызы басшылыққа алынады, діни сөздердің қолданылу ерекшелігі салыстырылады. Дін тақырыбына жазылған шығармалардың, діни дастандардың қазақ руханиятында атқарған рөлі анықталады. Ақынның дін арқылы сол замандағы өмірді, тарихи шындықты шебер бейнелеуі, адамның ішкі жан дүниесін діни тұрғыдан сипаттау, нәпсімен күресті көрсету, діннің қазақ қоғамындағы, қазақ руханиятындағы атқарған рөлі қарастырылады. Сондай ақ, мақалада өзге де ақындардың діни дастандары, олардың ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни дастандарымен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады. Діни шығармалардың ағартушылық, тәрбиелік және рухани құндылық мәні қарастырылады. Дастандардың негізгі идеясы мен ондағы көтерілген мәселе, діни сюжеттер және пайғамбарлардың өмір жолы жайлы айтылады. Ақын дастандары Шәді Жәңгірұлы сияқты қазақтың белгілі ақынының діни еңбектерімен салыстырылып қарастырылады. Ақынның діни дастандарын тану мен талдау барысында авторды зерттеуге бағытталған әдіс, жеке туындыны, оның мазмұны мен нысанын зерттеу әдістемесі, мәтіндік талдау әдісі, салыстырмалы-типологиялық талдау секілді әдістер қолданылады. Нәтижесінде мақалаға өзек болып отырған діни дастандардың мазмұндық және көркемдік ерекшеліктері мен діни-адамгершілік құндылықтары, сондай-ақ қазақ қоғамындағы діннің орны мен оның әдебиетіміздегі көрінісі анықталады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf2000
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0