Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 364-379
ҚАЗАҚ МЕДИАКЕҢІСТІГІНДЕГІ ЭПОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ тілді медиамәтіндерде жиі кездесетін эпонимдердің лингвомәдени және прагматикалық ерекшеліктері кешенді түрде қарастырылады. Эпонимдер – тарихи тұлғаларға, мәдени құндылықтар мен маңызды оқиғаларға негізделген, семантикалық әрі символдық мәнге ие тілдік бірліктер. Олар тарихи жадты сақтау, ұлттық мәдениетті дәріптеу, ұлт болмысын жаңғырту және мәдени кодты қалыптастыруда ерекше қызмет атқарады. Зерттеудің мақсаты – қазақ медиадискурсында эпонимдердің ұлттық сана мен мәдени кодты қалыптастырудағы рөлін, олардың прагматикалық әлеуетін айқындау. Материал ретінде 2020–2024 жылдары жарық көрген 100 медиамәтін мен 50-ден астам эпонимдік атау іріктеліп, контент-талдау, дискурстық, салыстырмалы-тарихи және лингвомәдениеттанымдық әдістер арқылы талданды. Нәтижесінде эпонимдердің ақпаратты ықшам жеткізуде, ұлттық болмысты сақтауда, мәдени құндылықтарды дәріптеуде және қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызды прагматикалық рөл атқаратыны анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері эпонимдердің медиа тіл арқылы ұлттық дүниетаным мен тарихи жадыны жаңғыртуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Алынған тұжырымдар медиалингвистика мен лингвомәдениеттану салаларындағы зерттеулерге әдістемелік негіз бола алады және қазақ тіліндегі мәдени кодты сақтау мен жаңғыртуға бағытталған практикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері сонымен қатар ұлттық БАҚ-та тілдік репрезентация мен символдық кодты зерттеудің жаңа бағытын айқындап, мәдени коммуникацияны зерделеудің ғылыми базасын кеңейтеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1999
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0