Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 350-363
Джон Дос Пассостың «Манхэттен өткелі» романындағы қалалық кеңістіктің көркем бейнесі
Аннотация · Abstract
Бұл мақаланың мақсаты – америкалық жазушы Джон Дос Пассостың «Манхэттен өткелі» романындағы көркем бейнеленуін талдау. Мақала авторларының негізгі назары қала локациясы мен шекарасы, заттық әлем мен тарихи дәуір рухы, қаланың атмосферасы мен қала өмірінің ырғағы, түстер мен дыбыстар палитрасы сияқты құбылыстарға аударылады. Мақалада Дж. Дос Пассос қолданған бейнелеу құралдарының әлеуметтік-тарихи контекске байланысты жүйелілігі негізделеді. Жүргізілген талдау жазушының заманауи қаланың бейнесін жеткізетін баяндау тілін таңдаудағы жаңашылдық ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдебиетке қысқаша шолу америкалық модернист жазушының романындағы қала бейнесінің қазіргі ағылшын тіліндегі әдебиеттануда қаншалықты зерттелгенін анықтайды. Мақала мазмұны модернистік мәтін поэтикасының ерекшелігі мәселесін көтеріп, модернистік жазудың жаңашылдық сипаты мәселесін өзектендіреді. Мақалада жүргізілген талдау Дж. Дос Пассостың қалалық кеңістікті көркем бейнелеудегі жаңашылдығының мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, үлкен, көпұлтты және сан алуан заманауи мегаполисте өмір сүретін адамдардың жаңа өмірлік кеңістігінің келбеті мен ырғағын жеткізетін бейнелеу тілін іздеу мәселесі қарастырылады. Кеңістік концептісін талдау адамдардың өмірі, олардың дүниетанымы қала кеңістігі, атмосферасы және ырғағымен анықталатыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1998
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0