Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 295-305
АЙТЫС ӨНЕРІНДЕГІ ДІНИ АКСИОЛОГИЯ
Аннотация · Abstract
Айтыс өнерінде діни құндылықтар ерекше орын алады. Олар ғасырлар бойы қазақ халқының рухани дүниетанымының қалыптасуына маңызды рөл атқарған. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – қолжазба қорларында сақталған айтыс мәтіндеріндегі діни құндылықтарды анықтап, олардың мәнін ашу. Мақалада айтыс өнерінде дін тақырыбының жырлануындағы тәрбиелік мәні, сана-сезім мен көзқарастарға әсері айтыскер ақындардың шығармаларында жан-жақты қарастырылып, қысқаша талданады. Айтыстағы діни құндылықтарды айқындаудың дереккөздері ретінде М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорындағы, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінде сақталған мәтіндердің түпнұсқасы пайдаланылды. Атап айтқанда: Қабан мен Таутан, Тоғжан мен Адай, Дана ақын мен Орынбай, Біржан мен Тезекбай, Орынбай ақын мен Сералықожа, Ұлбике мен Күдері қожа, Айқын қыз бен Жарылғасын, Мәшһүр Жүсіп пен Молдағали, Жүсіпбек қожа мен Уәзипа қыз, Мәлике мен Пықия, Ұмсын қыз бен Заман қожа айтыстары. Қолжазбалардың арасында бұрын ғылыми айналымға түспеген мәтіндер де бар. Сонымен қатар отандық және шетелдік әдебиеттану мен фольклортану салаларындағы ғылыми-теориялық еңбектер басшылыққа алынды.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1994
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0