Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 227-235
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ТАҒАМ МОТИВІ: ЗЕРТТЕЛУІНЕ ҒЫЛЫМИ ШОЛУ
Аннотация · Abstract
Мақала әлем әдебиетіндегі тағам мотивінің зерттелуіне арналған ғылыми еңбектерге шолу жасауға бағытталған. Зерттеу нысаны ретінде шетел әдебиетіндегі тағамның көркемдік, символдық және сюжеттік қызметін қарастыратын әдебиеттанулық еңбектер алынған. Мақала ғылыми шолу және әдебиеттанулық талдау тәсілдеріне негізделеді. Зерттеу барысында тағам мотивінің көркем мәтіндегі мағыналық жүктемесі, кейіпкерді сипаттаудағы, сюжет құрудағы және авторлық идеяны жеткізудегі қызметі туралы шетелдік зерттеулер қарастырылып, тақырыпты зерттеудің негізгі ғылыми бағыттары жүйеленеді. Атап айтқанда, Д. Харрис шығармаларындағы гастрономиялық мотивтерге қатысты зерттеулер, балалар әдебиетіндегі тағамның қызметін қарастырған W. R. Katz еңбектері, Н. В. Гоголь шығармаларындағы тағам символикасына арналған зерттеулер мен вахкикалық лексиканы мәдени-семиотикалық және лингвопоэтикалық тұрғыдан қарастырған Т. Г. Бочина, О. А. Димитриева еңбектері талданады. Осы негізде тағам мотивін зерттеудің негізгі теориялық қырлары анықталып, әлем әдебиетіндегі тағам бейнесінің көркемдік және семантикалық қызметі айқындалады. Зерттеу нәтижелері тағам мотивінің көркем мәтіндегі мағыналық және эстетикалық қызметін түсіндіруге мүмкіндік береді. Мақала әлем әдебиетіндегі тағам мотивін зерттеуге қатысты әдебиеттанулық көзқарастарды жүйелеумен қатар қазақ әдебиеттануында осы бағыттағы зерттеулердің теориялық негізін қалыптастыруға ықпал етеді және болашақ зерттеулер үшін әдіснамалық бағдар ұсынады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1989
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0