Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 155-164

М. Ж. Көпейұлы поэзиясындағы Мұхаммед пайғамбар хадистерінің танымдық сипаты

Е. Қ. Жүсіпов, Г. Қ. Жүсіпова, З. Е. Қуандық

Аннотация · Abstract

Мақалада Мәшһүр Жүсіп шығармаларында көрініс табатын Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар хадистерінің рухани танымдық сипаты қарастырылады. Қазақ халқында ислам діні және пайғамбарымызды таныту мәселесі әдеби шығармалар, оның ішінде ақын-жыраулар поэзиясы арқылы көрініс тапты. Кеңес үкіметі тұсында діни тақырыптардағы шығармаларды оқуға, олардың авторларының, яғни ақындардың атын атауға тыйым салынған заман болды. Қазақ әдебиетінде еңбектері арқылы халық арасына ислам дінінің кең таралуына және Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарымызды танытуда үлкен рөл атқарған ақын-жырауларымыздың ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атқарған жұмысы өте зор. Ақын насихат, үлгі ретінде поэзиясында құран сүрелерін, пайғамбар хадистерін қолданып, ислам дінін өлең жолдары арқылы қарапайым халыққа жеткізе білді. Бұл мақалада М. Ж. Көпейұлы поэзиясындағы адамгершілікке қатысты хадистердің танымдық сипаты сараланады.

Сведения · Details