Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2026, № 2, 2026, с. 46-61
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ГУМАНИСТІК ДҮНИЕТАНЫМ
Аннотация · Abstract
Мақалада тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетіндегі шағын прозалық жанр – әңгіменің аясында көркемдік тұрғыда көрініс тапқан гуманистік дүниетаным сараланады. Егемендікпен бірге ұлттық әдебиетте адам болмысына, оның ішкі жан әлеміне, рухани ізденісіне бағытталған тың тақырыптар мен көркемдік тәсілдер алдыңғы қатарға шықты. Бұл кезеңдегі прозада гуманизм ұғымы бұрынғы идеологиялық деңгейден экзистенциалдық, философиялық және психологиялық тереңдікке көтеріліп, жеке тұлғаның жан дүниесін бейнелеуге ден қойылды. Зерттеудің өзектілігі – қазіргі қазақ қоғамындағы рухани өзгерістердің әдебиеттегі көрінісін, соның ішінде гуманистік идеялардың көркемдік өзгерісін анықтау қажеттілігінен туындайды. Тәуелсіздік кезеңіндегі әңгімелерде адам мен қоғам, ата-ана мен бала, әйел мен ер, тірі мен өлі, өткен мен бүгін арасындағы рухани байланыстар метафоралық, символдық, астарлы бейнелер арқылы ұсынылады. Бұл шығармаларда кейіпкерлердің ішкі күйзелісі, жалғыздығы, ар-ұяты, сенімі мен үміті арқылы гуманистік мазмұн терең жеткізіледі. Мақалада шағын прозаның адамгершілік құндылықтарды бейнелеудегі мүмкіндіктері әдеби-теориялық және философиялық-эстетикалық әдістер арқылы талданады. Әңгіме жанрының ықшам құрылымы мен жинақылығы гуманизм ұғымын эмоциялық, поэтикалық әрі бейсаналық деңгейде ашуға жол ашады. сипатта көрініс табады. Зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ әңгімелерінде гуманизм ұғымы адамның ішкі болмысын танып-білуге, өмірдің мәнін ұғынуға, рухани түлеуге бағытталған терең көркемдік категория ретінде айқындалатыны дәлелденеді. Адамға деген сенім, мейірім, кешірім, ар-ұят пен рухани жауапкершілік секілді құндылықтар әдебиеттің басты назарында қалып, оның адамтанушылық қызметін жаңаша деңгейге көтереді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/bgqf1977
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0